Басты бет » Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны (Жана)

     Әнұран – басты мемлекеттік рәміздердің бірі. «Гимн» терминінің өзі «gimneo» грек сөзінен шыққан және «салтанатты ән» дегенді білдіреді. Гимн еліміздің азаматтарының тиімді әлеуметтік-саяси бірігіп нығаюы және этномәдени теңдестіру үшін негізгі мәні бар, маңызды дыбыстық рәміз болып табылады. 
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында мемлекеттік әнұран екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілген. 
Республика мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтінінің конкурсы жарияланған. 
Елдің дыбыстық рәмізін дәріптеу мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданған. Халықта әйгілі болған «Менің Қазақстаным» атты патриоттық ән оның негізі болды. Әнін 1956 жылы Жүмекен Нәжімеденовтің сөзіне Шәмші Қалдаяқов жазған. Әнге мемлекеттік әнұранның жоғары мәртебесін ұсыну үшін және бұдан әрі салтанатты дыбысталуы үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастапқы мәтінді өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылдың 6 қаңтарында палаталардың біріккен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» жарлыққа тиісті түзетулер енгізіп, елдің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.  


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ
Музыкасы композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі Жүмекен Нәжімеденов (1956), Нұрсұлтан Назарбаевтікі (2005).

Алтын күн аспаны, 
Алтын дән даласы, 
Ерліктің дастаны, 
Еліме қарашы! 
Ежелден ер деген, 
Даңкымыз шықты ғой. 
Намысын бермеген, 
Қазағым мықты ғой! 

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің — Қазақстаным! 

Ұрпаққа жол ашқан, 
Кең байтақ жерім бар. 
Бірлігі жарасқан, 
Тәуелсіз елім бар. 
Қарсы алған уақытты, 
Мәңгілік досыңдай. 
Біздің ел бақытты, 
Біздің ел осындай! 

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің — Қазақстаным!


       ҚР мемлекеттік әнұраны елдің өзіндік музыкалық-ақындық эмблемасы болып табылады. 
Музыка және өлең сөз арқылы өмірдің бүкіл палитрасы, тағдырдың барлық эмоциялық-мазмұнды реңкі байқалады. Олар адамның ішкі дүниесінің, жан күйі мен мақсатының ең басты мәнерлеушісі болып табылады. 
Музыка және поэзия әлеміне араласа отырып, адам табиғат ырғағымен резонансқа кіреді. Ырғақ табиғи және әлеуметтік ғарышты біріктіреді, адамның жанында болмыспен ортақтастық сезімімен білінеді. 
Олар дәстүрлі мәдениет, салт жоралары және халық салт-дәстүрінің қалыптасу өнеріне үйлесімді кіреді. "Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлең мен жер қойнына кірер денең”  (Сөзбе-сөз: "При рождении песня открывает дверь жизни для тебя, в сопровождении песни прах твой отойдет в объятия земли”), - деп ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаев жазған. Шілдехана (адамның дүниеге келу мәліметін әлеуметтендіру), тұсаукесер (баланың өз бетімен жүре бастау мәліметін ерекшелеу), тоқымқағар (адамның әлемге шығу сәтін – туған ауылдан тыс жол жүру сәтін ерекшелеу), неке қияр және беташар (отбасы құру – адам өміріндегі жаңа кезеңнің басталу сәті), мүшел (адам өміріндегі физиологиялық және әлеуметтік-психологиялық өзгерістер сәтін ерекшелеу), тойбастар (адам өміріндегі аса маңызды деректерді ерекшелеу сәті), жарапазан (қоғамдағы жалпы қабылданған нормаларға жеке қатынасын білдіру сәті), жоқтау және жаназа (адамның өмірден кету мәліметін әлеуметтендіру) сияқты әдет-ғұрыптардың музыка және ақындық сөзсіз елестету мүмкін емес. Музыка және ақындыққа байланысты дәстүрлі мінәжат дүниетанымының нақыштарын қазіргі заманғы лексикалық сөз тіркестерінен табуға болады. Мысалға, қазақша «ән туды» (әріп, «родилась песня», «ай туды» (новолуние) дегенге ұқсас), «ұл туды» (родился сын) немесе көктем туды (наступила весна) деп айтады. «Күй шығару» деген ұғым бар (әріп, вывести (откуда-то, из чего-то) кюй, «күн шықты» (солнце взошло), «шөп шықты» (выросла трава) немесе «жаз шықты» (наступило лето) дегенге ұқсас.    
«Сочинять» сөзі «шығару» деп те аударылады. 
Осы сөзге байланысты тағы "жанынан шығару” (импровизация - букв, "вывести из души”), "ойдан шығару” (придумать - букв, "вывести из памяти или из мысли”), "жүректен шықпаған жүрекке жетпейді” (қанатты сөз, шығармашылықтағы жалғаншылықты білдіреді - әріп, "если не выходит из сердца, то не дойдет до сердца” сияқты лексикалық сөз тіркестері бар. "Сөз табылды” (әріп, найдено (где-то) слово) деп айтады. Музыкант және ақынның шығармашылығына байланысты лексикалық ұғым аппаратының ерекшелігі  "жел тұрды” (поднялся ветер - букв, "ветер встал ”), "самал соқты” (подул ветерок - букв, "побил ветерок”), "жаңбыр жауды” (полил дождь - букв, покрыл (землю) дождь), "жақсылық жасау’’(творить добро - букв, делать добро) сияқты ұғымдармен салыстырудан көруге болады. 
Әнұран әуенінің өзіндік ерекшелігі түбі ғасырлар тереңдігіне кететін, ұлттық музыкалық мәдениет ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Кейбір ғалымдардың айтуынша, домбыра және қобыз сияқты қазақ халықтық аспаптары шертпелі екі шекті және ысқыспен ойналатын аспаптардың бастамасы болған. Дүниежүзінде танымал музыка танушы, академик В.Виноградов айтқандай: «қазақ қобызы сияқты аспаптар қазіргі заманғы виолончель, скрипка және альт сияқты аспаптардың ата тегі болуы мүмкін». 
VI-VIII ғ.ғ. далада музыкалық туындылар жанрға бөлінген: вокалдық және аспаптық музыка болған. Орта ғасырда музыкалық-теориялық ой дами бастады, осы уақытта дарынды, бүкіл дүниежүзінде танымал музыкалық теорияшылдар шыққан, солардың бірі Әл-Фараби. 
Қорқыт (VI-VII ғ.ғ.), Әл-Фараби (IX ғ.), Кетбұға жыршы (XIII ғ.), Сыпыра жырау (XIV ғ.), Асанқайғы, Қазтуған (XV ғ.), Бұқар жырау, Нысанабыз (XVIII ғ.), Кұрманғазы, Біржан сал (XIX ғ.) сияқты көшпенділер әлемінің кеңінен танымал өкілдерін атап шығу қазіргі заманғы қазақ музыкасынан бұрын болған, музыка мәдениетінің дамуының айқын көрінісін береді. 
Танымал халық музыкасын жинаушы А.В. Затаевич қазақ даласын «музыка теңізі» деп атаған. Ол «Қазақ халқының 1000 өлеңі» (1925 ж.) және «500 қазақ өлеңі мен күйі» (1931 ж.) атты еңбектер шығарған. Қазіргі таңда әрине, саны аталған саннан көп болатын, өлеңдерді қоспағанда алты мыңға жуық күй белгілі. Аса ауқымды күйлер 6 минутқа дейін орындалады. Осы аспаптық туындылардың бейнелі амплитудасы өте кең: сырлас пайымдаушылықтан философиялық ойға дейін, тартымсыз би билеуден адам салмағының қуатты қозғалысын іске асыруға дейін, көркем дыбыс таңдаушылықтан терең адамның жан құбылысына дейін. Күйлер арасында өресі биік құлаштар мен эпостық кеңдігін тудыратындар аз емес. 
Қазақ мәдениетін зерттеушілер оның ғажайып өзгешелігін, сұлулығын және мазмұндылығын ерекшелейді. Мысалы, академик Б. Асафьев былай деді: «Шындықтың сергек адамзаттық көркем көрінісі бола тұра, қазақтың бай мелодикасы  әрқашан  - өзінің өмірлік жаңалығын, жарқындығын және нақтылығын сақтай тұра (яғни тұрақты болмыста болуы)» -  терең философиялық синтез, халық психикасының жоғары адамзаттың жалпылану әсерін қалдырады. Сондай-ақ, оның «этикалық жоғары ниеттігін» ерекшелейді. 
Қазақтың музыкалық мәдениеті өздігінен шектелген жүйе болып табылмайды. Ол дүниежүзілік мәдениет бөлігі ретінде әрқашан сырттан келетін ықпалға ашық болатын. «Қазақ халқының музыкасы таң ғажайып бай және әр түрлі, алысқа ілгері жылжыған музыка болып табылады, көбінесе жаңа батыс еуропалық музыкамен (батыс еуропалық қалалардың кәсіби музыкасымен – Е.Ш.) ұқсастығын байқайды. Дегенмен ондағы айқын кірме элементтері жоқ», - деп XIX соңында – XX ғасырдың басында дүниежүзілік музыка білімпазы К.Квитько жазған. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны (Ескі)


Қабылданған күні:
Музыкасы – 1992 жылдың 4 маусымы
Ресми тұсаукесері – 1992 жылдың 6 маусымы, Алматы қ.
Сөздері – 1992 жылдың 11 желтоқсаны
Ресми тұсаукесері – 1992 жылдың 16 желтоқсаны, Алматы қ. 
Авторлары:
Музыкасы – М. Түлебаев, Е.Брусиловский, Л. Хамиди
Сөздері – М. Әлімбаев, Қ. Мырза Әлі, Т.Молдағалиев, Ж. Дәрібаева


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТіК ӘНҮРАНЫ
М. Әлімбаев, Қ. Мырза Әлі Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева

Жаралған намыстан қаііарман халықпыз, 
Азаттық жолында жалындап жаныппыз. 
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен, 
Аман-сау қалыппыз, аман-сау қальшпыз.

Қ а й ы р м а с ы:
Еркіндік қыраны, шарықта, 
Елдікке шақырып тірлікте! 
Алыптың қуаты - халықта 
Халықтың қуаты - бірлікте!

Ардақтап анасын, қүрметгеп данасын, 
Бауырға басқанбыз баршаның баласьш. 
Татулық, достықтың киелі бесігі - 
Мейірбан үлы Отан, қазақтың даласы!

Қ а й ы р м а с ы:
Еркіндік қыраны, шарықта, 
Елдікке іиақырып тірлікте! 
Алыптың қуаты - халықта 
Халықтың қуаты - бірлікте!

Талайды өткердік, өткенге салауат,
Келешек ғажайып, келешек ғаламат! 
Ар-ождан, ана тіл, өнеге-салтымыз,
Ерлік те, елдік те үрпаққа аманат!

Қ а й ы р м а с ы:
Еркіндік қыраны, шарықта, 
Елдікке шақырып тірлікте! 
Алыптың қуаты - халықта 
Халықтың қуаты - бірлікте! 

      
Дәстүрлі музыканың екпіні және елдің Мемлекеттік әнұранның әуеніндегі қазіргі заманғы дыбысталуы туралы айтқан кезде өнердің дәл осындай күрделі қабаты жайлы айтылады. 
Мамандар әрқашан оның үйлесімділігі, сырластығы және әнұран әуенінің оптимизмін ерекшелейтін. «(Е.Ш. - әнұранының) музыкасы ұлылығы және мазмұндылығымен қазақтың дәстүрлі лирикалық-эпостық халықтық әуендерінің екпіндерін жинақтаған, алайда аса қазіргі заманға сай дыбысталуы бар – әуенге қайраттылық және салтанаттылық сипатын беретін, жоғары қарқынды кварттық көтеріңкіліктер бар», - деп танымал музыка танушы Н.Кетегенова жазған. Әнұранның музыкалық құрамдас бөлігі өнер тілімен – өзінің дыбыстары мен ырғақтарының ерекше дыбысымен халықтың сипаты мен жан дүниесін, оның қуанышы мен абыройын береді. 
Әнұранның қос бірлікті табиғаты оның әуені мен сөздері арасындағы үйлесімді байланысты білдіреді. Музыкалық және ақындық өлшем параметрлері бойынша ғана емес. Олар жан дүниесі және мінезі бойынша аталас болуы керек. Сол уақытта олардың әрбіреуінде өз бетімен және өзінің білдіретін және ықпал ететін өзгеше құралдарымен әнұран сияқты әлеуметтік-саяси феномен алдында тұратын негізгі міндет шешіледі. 
Мемлекеттік рәміздің өлең құрамдасын айта отырып, ХХ ғасырдың көрнекті қазақ ақыны А. Тәжібаев өте бейнелі және мағыналы былай деді: «Әнұран – бұл сөзден тігілген мемлекеттің туы». Мемлекеттік әнұран үш шумақтан және қайырмадан тұрады, олар бірыңғай туындының маңызды элементтері және құрамдас бөліктері болып табылады. Туындының мазмұнды-идеялық жүктемесі туралы тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып, М.Әлімбаев былай деді: «Біздің ойымызша бірінші шумақта Қазақстанның өткен шағының тарихи, ерлік тарихы көрсетілген, екіншісінде – қазіргі заманғы Қазақстан – көп ұлтты, көптеген халықтың тағдырын біріктірген республикаға байланысты тақырып. Қайырмасында Қазақстан халқының бірігу идеясы жайлы, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты көздің қарашығындай сақтау қажеттілігі жайлы айтқымыз келді».
Әнұран мәтінінің идеялық-мағыналық мазмұны жайлы белгілі бір көріністі әрбір шумақтағы тірек сөздер мен жолдарды ерекшелей отырып алуға болады. Бұл, мысалға, "Намыс” ("Честь”), "Азаттық” ("Суверенитет”), "Тағдырдың тезі” ("Испытание судьбы”), "Аман-сау қалыппыз” ("Мы уцелели”) , "Татулық- достықтың киелі мекені” (Святая колыбель дружбы и согласия), "Келешек - ғажайып” ("Будущее прекрасно”) және т.б. сияқты лексикалық бірліктер. Әнұранның қайырмасындағы "Алыптың қуаты халықта, халықтың қуаты - бірлікте” (Сила, мощь героя - в народе, сила, мощь народа в единении” сөздер нақыл сөз сияқты естіледі. 
Егер Қазақстанның бұрынғы әнұраны "Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған” (дословно:"Мы казахский народ, с древних времен мечтающий о свободе”) сөздерінен басталса, жаңа әнұранның бірінші жолы "Қаһарман халықпыз жаралған намыстан” ("Мы - народ доблестный, дети чести”) деп басталады. Бұл халық тарихындағы өзгерген реалийлер белгісі шығар. 
XVIII ғасырдың халықтық «Елім-ай» әнұранының мәтінінде «қайғы», «көз жасы», «бақытсыздық» және «жетім қалған жер» сияқты сөздер негіз болған. 
Салыстырма ретінде VI ғасырда тасқа түсірілген ежелгі түріктер әнұранын алуға болады (Ұлы қолбасшы Күлтегін ескерткішіндегі жазбалар. А. Преловский ақынның аудармасы):
Не жер, не аспан ашылмады, індет пен аштыққа тап болмадық: онда неге және кім – о менің түркі халқым! – неге және кім сенің заңың мен билігіңді жаныштады?
Өзің, өзің, жеріңе, қағаныңа қызмет еткісі келген халық, өз алдыңда – кінәлі болған өзің: өз алдыңа күңгірт тағдыр, Жауыздықты таңдадың.
Сені жеңетін, жоятын, тұтқынға алатындай ешкім болмады ғой!
Сені бағындыратын, жықтыратын, жерден жоятындай ешкім болмады ғой!
О менің түркі халқым!
 Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ежелгі және ғажайып қазақ жеріндегі гуманизм, бірлік және келісім үшін татулық пен бірлікке шақырады. 
Мемлекеттік әнұран қандай жағдайларда орындалады? Парламент сессияларын ашып жапқанда, Ұлттық мерекеге арналған және республикада атап өтілетін мерекелік күндерге арналған салтанатты жиналыстар мен отырыстарды ашқан кезде, сонымен қатар маңызды тарихи оқиғалар құрметіне ескерткіштер, монументтер және өзге құрылымдарды ашқан кезде, мемлекеттік органдар, сонымен қатар қоғамдық бірлестіктер және өзге ұйымдар өткізетін рәсімдер, салтанатты іс-шаралар кезінде Мемлекеттік туды көтерген кезде орындалады. 
Мемлекеттік әнұран елге ресми іссапармен келген шетел мемлекеттерінің елбасылары, парламент және үкімет басшыларын қарсы алғанда және шығарып салғанда да орындалады: халықаралық этикет бойынша – тиісті шетел мемлекетінің әнұраны орындалғаннан кейін.
Оқу орындарында әнұран жаңа оқу жылын ашу салтанатында және өзге салтанатты іс-шаралар кезінде орындалады. Мемлекеттік теледидар бағдарламаларында және радиода жаңа жыл түні 24.00 сағатта, мемлекеттік теледидар бағдарламаларында – Ұлттық мереке – 25 қазан, 1,2 қаңтар, 8 наурыз, 22 наурыз, 1 мамыр, 9 мамыр, 30 тамыз, 16 желтоқсан сияқты мерекелік күндері бағдарлама басында, мемлекеттік республикалық радио бағдарламаларында – күнделікті бағдарлама басында және соңында. 
Шетел мемлекеттерінің аумағында іс-шаралар жүргізген кезде Мемлекеттік әнұран іс-шара болып жатқан елдің тәжірибесі мен жергілікті әдет-ғұрпын ескере отырып, ҚР Сыртқы істер министрлігімен орнатылған ережелерге сәйкес орындалады. 
Әнұран орындалуының екі нұсқасы бар – толық және ішінара. Аспаптық орындауда рұқсат етілетін, ішінара орындаған кезде әннің бастамасы мен қайырмасы бір рет орындалады. Вокалдық және вокалдық-аспаптық орындауда Мемлекеттік әнұран толық орындалады, сол уақытта дыбысжазбасын қолдануға болады. Әнұран мәтін және музыкалық редакцияға толық сәйкестікте орындалуы керек. Әнұран мәтінінің аудармасын орындауға болмайды. Нақты орындалуы ҚР мемлекеттік органдары мен ұйымдарымен бақыланады. Әнұран көпшілік алдында орындалған кезде – қатысушылар түрегеп тұрып тыңдайды. 


  • Біз әлеум.желідеміз







    Әзірленіп жатқан жобалар...
    Күрке

    200
    Сұрау
    Бұл пайдалы
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


    Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

    Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
    ҚР Мемлекеттік рәміздер

    Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
    Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
    Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

    Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
    Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
    Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

    Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
    Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
    Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.