Басты бет » Глоссарий (Рәмізтану: негізгі ұғымдар)

Глоссарий (Рәмізтану: негізгі ұғымдар)

Аверс - Елтаңбатану (геральдика) ғылымында қолданылатын термин. Мөрдің негізгі рәміздік белгі соғылатын оң жақ бетін осылай атайды.
***
Ақша (валюта) - мемлекеттің саяси-экономикалық тәуелсіздігінің белгісі. Әдетте металдан (алтын, күміс, т.б.) соғылады немесе мемлекеттік қүнды қағаз түрінде басылып шығады.
***
Астана - ең жоғары мемлекетгік билік жүзеге асырылатын орталықты (қаланы) білдіретін саяси-географиялық үғым. Астана атауы елдің ономастика л ық төлқүжаты (мысалы, Париж десе, ойға бірден Франция келеді), рәмізі саналады.
***
Әнүран - объектісін дара лай отырып, соның төңірегінде қоғамдасуға үндейтін музыкалық және поэтикалық қүралдар арқылы жасалатын көркем туынды. Негізінен мадақ сарыны басым болады.
***
Белгі - адамның ақыл-ойы мен жан-дүниесіне эсер ету арқылы күрделілігі эр түрлі деңгейдегі ақпарат бере алатын шартты үғымдардьщ таңбаланған немесе бейнеленген көрінісі.
***
Елтаңба - әлеуметтік даралау және меншіктеу сипатындағы қүбылыстарға куәлік ететін заттық белгі.
***
Елтаңбалық (мемлекеттік) мер - Мемлекеттік елтаңба бейнеленген дөңгелек немесе төртбүрышты қүрал. Зандарды, мемлекеттік маңызы бар басқа да қүжаттарды рәсімдеуге пайдаланылады.
***
Елүран - қоғамдық деңгейде қауымдасуға, бірлескен іс-қимылға шақыратын шартты сөз. Негізінен сана-сезімге психологиялық эсер ету жолымен жігерлендіруге, рухтандыруга бағытталған.
***
Ен (таңба) - астарьшда меншік нысанына қатысты ақпарат бар шартты белгі.
***
Елорда - жаңа сөз (неологизм). 1998 жылдан бастап астана деген мағынада қолданыла бастады.
***
Қолтаңба - адамның жазбаша таңба салу мәнеріне, іс- қимылына және шығармашылығына тән ерекшеліктерін даралайтын үғым.
***
Мемлекеттік әнүран - мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендіктің музыкалық-поэтикалық рәмізі. Негізінен әуен мен сөзден түрады. Кейде тек музыкалық шыгарма болуы да мүмкін.
***
Мемлекеттік елтаңба - мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендіктің заттай рәмізі. Онда, әдетте, сурет және сәулет онері мүмкіндіктерін пайдалану арқылы елдің тол тарихи, рухани және саяси болмысынан туындайтын мемлекеттік идеясын беретін шартты белгілер жүйесі бедерленеді.
***
Мемлекеттік награда - мемлекет алдында айрықша еңбек сіңірген адамдарды марапаттауға арналған рәміз. Эр түрлі металдан (алтын, күміе, қола), қүнды қағаздан жасалады. Отаншылдық рухта тәрбиелеуге қызмет етеді.
***
Мемлекеттік рәміз - мемлекеттің тәуелеіздігі мен егемендігін паш ете отырып, шынайы отаншылдық сезімге баулитын олеуметгік-саяеи белгі, сурет өнерін, сәулет өнерін, музыка мен поэзияны пайдалану арқылы жасалатын көркем туынды.
***
Мемлекеттік рәміздер қоры - мемлекеттілік идеясына қызмет ететін рәміздер тобы. Оған мемлекеттің Туы, Елтаңбасы, Әнүраны, үлттық ақшасы (валютасы), шекарасы мен аты енеді.
***
Мемлекеттік шекара - мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендіктің негізгі нышандарының бірі. Қүрлықта Мемлекеттік елтаңба бейнеленген ала бағандармен белгіленеді. Мемлекеттік шекара арнайы оскер күшімен қорғалады.
***
Мор - мемлекеттің, үйымның, кәсіпорьінның, топтың немесе жеке адамның заңды түлға ретіндегі қүқына куәлік ететін дөңгелек немесе төртбүрышты қүрал. Рәміздік сипаттағы сурет салынған немесе сөз жазылған бейнесі, әдетте, эр түрлі қүжаттарға басылады. Мөр - авторлық жауапкершілікті мойынға алудың, сенім көрсетудің немесе міндеттеме алудың белгісі.
***
Нышан - заттың, қүбылыстың, үғымның немесе идеяның түп-төркініне, мағыналық негізіне, болмысына мегзейтін шартты үғым, көркем бейне.
***
Ономастикалық рәміз - түтастай елдің немесе оның эр түрлі аумақтық бөліністерінің төлқүжаты, тарихи оқиғаға айналған жер-су атау лары. (Мысалы, Сарыарқа, Маңғыстау, Жетісу, т.б.)
***
Рәміз - белгілі бір әлеуметтік-саяси мәні бар идеяны эр түрлі нышандар жүйесі мен бейнелер арқылы астарлап
***
Реверс - Елтаңбатану (геральдика) ғылымында қолданылатын термин. Мөрдің сол жақ бегін осылай атайды.
***
Таңба - астарында меншік нысанына қатысты ақпарат бар белгі.
***
Теңге - тәуелсіз қазақ елінің төл ақшасы (валютасы).
***
Ту - бір түсті немесе түрлі түсті төртбүрышты мата. Бетіне түрлі белгі л ер салынуы да, салынбауы да мүмкін.
***
Тубегі - ежелгі әскери термин. Ту үстайтын адам деген үгымды береді. Әдетте бүл міндет ең белгілі батырға жүктелген. Оны ханның озі немесе алқалы жиында ел тандаған.
***
Тутүғыр (флагшток) - туды тік көтеріп қоятын арнайы қүрал. Әдетте темірден жасалады.
***
Үлттық бояу - тутану (вексилология) ғылымында қолданылатын термин. Белгілі бір үлт өкілдері коп қолданатын, кейде тіпті кие түтатын түстің түрі.
***
Үран - адамдардың белгілі бір тобын ортақ әрекетке, іс- қимылға жүмылдыруға арналған шартты сөз (атау).
***
Шекара - мемлекепер арасындағы, аумақтық қүрылымдар арасындағы жер бөлінісін білдіретін үғым.
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.