Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы - Ak-Sakal Халықаралық Қазақстандық жоба.








Басты бет » Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы


Осдбылданған күн - 1992 жылғы 4 маусым
Ресми тұсауы кесілген күн - 1992 жылғы 6 маусым, Алматы каласы
Авторлары - Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлихан
Ресми анықгама:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы көгілдір түс аясында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнсленген, шаңырақгы айнала күн сәулесіндей тарап уықгар шаншылған, оны аңыздардағы пырақгар канаты көмкеріп түр. Елтаңбаньщ төменгі жағында "Кдзақстан” деген жазу бар (7-5ап. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күіні бар "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы” Жарлығы) .
 Әлемдік тәжірибеде лаыртқы түр-пішіні эр алуан елтаңбалар кездеседі.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының барлық белгі-нышандары бір шеңбер ішіне орналастырылған. Онъщ өмір үғымын білдіретін рәміздік мәні бар?
Елтаңбаның басты белгі-нышаны - күн сәулелі уықтар көтерген шаңырақ. Ол дүние космосының кішкене көшірмесіндей эсер қалдырады. Қазақстандықтардың орТақ үйдегі тату-тәтті тірлігі, ортақ Отан туралы ойлар осы түйсікке негізделген. Табылған көркемдік шешім өте үйлесімді әрі ғажап.
Кошпелілер мәдениетіңде шаңырақтьщ пайда болуы ата- бабаларымыздьщ қоршаған ортаны қабылдау ерекшелікгеріне және соған орай ойлау жүйесінде орныққан үғымдармен тыгыз байланыеты. Ол сыртгай аспан күмбезіне қалай үқсаса, оның адамдардың ішкі жан-дүниесінде ТіршілікТің аса маңызды затгық қүралы ретіңде сәулеленуі де соңдай акиқат.
Шаңырақ - отбасьшьщ, одан да асыра алғанда, бүкіл адамзаТ үясының ізгі нышаны.
Шаңырақ көтеруге негізделген киіз үй - Үлы далада сонау қола дәуірден (б.з.д. III ғ.) бастап Тіршілік кеше басгаған адамдардың өмір салтына байланыеты дүниеге келген тамаша төлтума жүйе көрінісі. Ол әлемдік сәулет өнерінің теңдесі жоқ үлгісі реТінде ертеде-ақ мойындалған. Оның эр бөлшегі өзінің нақты тәжірибелік мақсатының сыртында басқа да бірқатар маңызды міндеггерге (қоғамдық-әлеумеггік, діни-ғүрыптық, т.б.) қызмет етеді. Ол түрғындардың рухани қажеттіліктерін де өтей алады.
Шаңырақ - қазақ халқы үшін айрықша қастерлі үгым. Бағзы бабалар оны дүниетанымдық жүйенің өзегі ретінде ерекше кие, түтқан. Оған деген аялы көзқарас қазір де сақталған "Шаңырақ” сөзін пайдалана отырып, қазақ тілінде адам баласының туғаннан о дүниелік болғанға дейінгі бүкіл өміріне қатысты басты үғымдарды атап шығуға болады. Мысалы, "шаңыраққа нәресте келді”, "шаңырақтьщ тірегіне айналу”, "өз алдына шаңырақ көтеру”, "шаңырақты шаттыққа толтыру”, "шаңырағы шайқалу”, "шаңырағы ортаға түсті”, "шаңырагын қүлатпау” деген сөз тіркестерінің әркайсысының сыртында айрықша мағына жатыр. 
Шаңырақ үғымының әлеуметтік мәні зор. Мысалы, "қара шаңырақ” - ата-ана үйі, әулеп'ің, рудың, тайпаның ең қастерлі отбасы дегенді білдіреде ықылым замандардан бері келе жатқан дәстүр бойынша қара шаңырақ әдетте кіші үлда қалады.
Қара шаңырақ үғымына байланыеты орнығып, осы күнге дейін жеткен дәстүрлі жол-жоралғылар аз емес. Алые жолға аттанарда, жаңа іс бастарда қара шаңыраққа кіріп, бата алмаса жол болмайды, іс оңга баспайды деп есептеледі. Қара шаңырақ иесінің сөзі - бүкіл әулет үшін заң.



       Шаңырақ үғымына тек отбасы ғана емес, кез келген әлеуметтік топ сиып кетеді. Бүл оның қоғам үшін біріктіруші, ТопТасТырушы үғым символы ретінде қызмет ету мүмкіндігінің кең екендігін көрсетеді.
Еліміздің Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі
- Қазақстанды мекендейтін барлық адамдардың ортақ отбасының, ортақ үйінің нышаны. Шаңырақтьщ беріктігі оны көтерген уықтарға қалай байланыеты болса, Үлы Отанымыздағы бақытты өмір әрқайсымыздың ой- аңсарымызға, іс-қимылымызға байланыеты. Ел бақыты - ер бақыты. Ел байлығы - баршаның, әркімнің ырысы.
Елтаңба композициясын қүрап түрған келесі деталь - ай мүйізді, алтьш қанатгы қос пырақ бейнесі. Жылқы образы батылды. көрегендік пен айрықша ерік-жігер нышаны деп есептеледГі
Ат - көшпелілердің өмірлік серігі. Мінген көлігі ғана емес. Ет пен қымыз - қазақ тағамының негізі, тері - киім, жал - музыка аспапгарының шегі. Жауынгерлік өнерде, дәстүрлі спорТ Түрлерінде, үлтгық ойындарда ("Көкпар”, "Бәйге”, "Қүс салу”, "Қыз қуу”, т.б.) да сүлу да берік текті Тү л пар л ар коп рол аткарган.
{Қазақ дүниетанымында жылқы - адам тектес. Басқа жануарлардың бәрі де тек адамға қызмег етеді, ал жылқы алдында адамның өзі бас иіп, қызмет етуге әзір. Адамдікі тәрізді жылқының да пірі бар. Оны Қамбар ата ("Жылқы иесі Қамбар-ау”) деп атайды. Ежелгі діни нанымдар бойьшша иесі қайтыс болғаңда атын бірге кометін болған. Олар о дүниеде де бір-біріне қажет деп есептеген.
 



      Қазақ тілінде адам өміріне байланыеты жылқыға қатысты сөздермен өрнектелетін үғьгмдар өте көп. Ананың оз сәбиіне деген асыл сезімі "қүлыншағым менің” деген ғажайып тіркестен сәуле шашады. Балдырған балақанның жер бетіндегі алғашқы сүйінішті қимыл-қадамдары жөнінде "қүлындай қүлдырайды” делінсе, оның түңғыш Тәй-Тәйіне арналған дәстүрлі гүрып "Түсау кесер” деп агалады. АзамаТ атануы - "ат жалын тартап мінді”, аңсағаны болып, айдарынан жел ескен сәТ - "аты озьш Түр”, адам баласьшьщ өзі дүниеден өткенімен оның өмірін Ұрпақтары одан орі жалғастырады деген ошимистік философия - "ат түяғын тай басар” деген сөз орамдары арқылы айшықталады.
Осылайша кестеленген басқа да күрделі ойлар бар. Мысалы, "жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін Түяқ жоқ”, (өмірде қаТелеспейТін адам болмайды деген ой), "жүгенсіздікке жол беру” (келеңсіздікке кінәлілік), "агтай шауып өТ” (ойлағаның болсын, ісің оңға бассын деген Тілек), "сыннан сүрінбей отгі” (қиыншылыкды жеңу), Т.б.
Жылқы - қазақгардың үлттық әлемінің ажырамас бір бөлігі, үлттық дүниетанымының маңызды нышандық белгісі. "Қазақ жылқы мінезді” деген атам заманнан бері келе жатқан сөз бар. Бүл, ең алдымен, терең табиғи үқсастықтарға, еркіндікке, қозғалысқа, жылдамдық пен қүштарлыққа қүлай берілетін ортақ қасиеттерге мегзейді. Қазақ баласы жүрегіне жақынның бәрін жылқы төңірегінен табады. Соңдықган да оның қабылдауындағы ТекТі түлпар образы: ат - от ("қызу қанды”, "кеудесі көріктей”, "ауыздықпен от шайнап”, "көздері отгай жанады”); жылқы - жел ("желмен жарысып”, "қүйындай шабу”, "оқтай зулады”); жылқы - жартас (жердің, күш-қуаттың белгісі - "жауырыны мықты жартастай”, "кеудесі берік қамалдай”, "тегеуіріні қатгы темірдей”, "Түяғы тас жарады”, "аяқтарының арасы ел көшкендей”, "Түрқы берік емеңцей”); сәйгүлік - су ("екпіні селдей”, "қүлағынан тері саулады”, "су жорға”); пырақ - қанат (стихия, аспан, ғарыш нышаны - "түяғы жерге тимейді”, "аузымен қүс тістейді”, "атқа қону” (айға қону дегендей), "қанатты түлпар”, "ат - ер қанаты”) деген үлкен ү ар арқылы айшықталған.
Елтаңбада қыран қанатты қос түлпар - қос пырақ бейнесі бедерленген. Қанат - асқақ арман нышаны. Бүл жерде ол еңсесі биік, дәулеті тасыған тәуелеіз мемлекет қүру жөніндегі ел мүратын еске салады. Қанатты Түлпарлар - табиғи тілекТердің қоғамдагы эр түрлі мүдделермен және ғаламдық әркениеТ үмітгерімен үйлесімін табуға деген үмТылыс пен ізгі ниеттің де көрінісі.
Биікке үмгылу, дамудың төменгі сатысынан жоғарғысьша дейін көтерілу - әлемдік өркениет мүраттарьшың бірі. Қанат образының осы рәміздік монінің Мемлекеттік елтаңбада жақсы жарасым табуы - жалпы мәдениеТ заңдылықтарының, оның ішінде нышандық емеуіріннің, тапологиялық образ жасау мүмкіндіктерін пайдалану жемісі.
Типологиялық бейнелер қазақ фольклорында көп кездеседі. Әйгілі "үшқыш кілем”, "шойын қүлақ”, "таусоғар”, "дәуқара”, "көлтауысар”, "желаяқ”, "жалғыз көзді дәу” - осындай образдар.
Қанаггы Түлпарлар образы да ертеден белгілі. Авестәда (б.з.д. I ғ.) қанатты Түлпарлармен көшіп-қонып жүретін тур елі туралы айтылады. Кейбір зерттеушілер осы "тур” атын "түрік” этнонимімен, "түран” тарихи топонимімен байланыстырады. Қанатты түлпарлар бейнесі тастағы көне сурет жазбаларындағы скиф-сармат мәдениетіне жататын "аңшылық стиль” қолтаңбасымен ерекшеленеіін қолданбалы өнер ескерткіпітерінде киі кездеседі.




Алтайдағы Пазырақ қорғанында археологиялық қазба жүмыстарын жүргізген кезде о дүниеге атганған патшаны аспанга көТеріп бара жатқан фантастикалық пырақ бейнесі бедерленген бас киім табылды. Есік қорғанынан табылған әйгілі "Алтын адамның” бас киімін де қана'гты түлпар бейнесі көмкерген. Мемлекеттік елтаңба жобасын әзірлеу кезінде авторлар ойына осы бейне өзек болғаны белгілі.
Көне Қытай мифологиясындағы әйгілі әпсаналық бейнелердің бірі - Лу (Үлу). Ол - қанатты айдаЬар. Кезінде император рәмізі ретінде пайдаланылган. Европа халықтары өмірге әкелген шалқар шабыт нышаны Пегас та - қанатты түлпар.
Көркем типологиялық бейнелер жасау әдісі - типтік бейне жасау әдістерінен бөлек. Ол нақтылықтың шуда жібін үзіп, эр алуан, тіпті мүлдем дерексіз (абстрактілі), қүбылыстарды әлдебір ортақ жүйеге келтіруге мүмкіндік береді. Бүл ретте көркемдік ойды жүзеге асыру кезінде жасалаТын образдың негізгі мәні мен басгы идеясын өмірдегі бейнеалды (прообраз) қүбылыстардан көп алшақ кетіп барып, оның кейбір қырларын тым әсірелеу арқылы да жеткізуге болады. Философ А.В.Гулыганың айтуынша: "Типтік бейне - сезім нақтылығьша, ал типологиялық бейне - үғым нақтылығына жашдн”.





       Мүйіздің де нышандық мәні бар. Ол - айбын, айбат, ақжолтайлық белгісі^ Тарихи деректер бойынша замандастары
А.Македонскийдің патшалық пәрмен, қолбасшылық қүты бас киіміндегі мүйіз бейнесінде деп санаган. Коне шумерлік "Гильгамеш” эпосында мүйізді жолбарыс кездеседі. Мүйізді адамдар бейнесі көне үнділік мөрлерде, Таяу Шығыс пен Мысыр елдері халықтарының ежелгі өнер туындыларында да бар. Европада кең тараған мүйізді сайтанның мүйізі бүрын христиан дәуіріне дейін аса қүрмеггі қүдай бейнелерінің бірінен көшірілген деп есептейді ғалымдар.
Мүйіз бейнесі Қазақстанның модени ескерткіштерінде де молынан жолығадыі Мысалы, Қызылтоған қорғанындағы (Жетісу) екі бірдей мыс мүсіңде таутеке мүйіздері айқын әрі аса бедерлі бейнеленген. Монғолиядағы Күлтегін ескерткіш кешенінің кіре берісінде мүйізді қошқарлар мүсіні қойылған.
Қазақ тілінде "мүйіз” созі күш-қуаТ, ерлік, батылдық үғымдарын білдіретін мағынада кең қолданылады. Мысалы, "мүйізі қарағайдай” (күшТі, беделді), "мүйізін қағып алу” (жеңу, масқара ету), "мүйіздесіп қалу” (керісу, жанжалдасу), Т.б.
"Өтеген батыр” жырында бас кейіпкердің айрықша нышаны ретінде "Қасара біткен қос мүйіз батырлықтың белгісі ед” дегЬн жолдар бар.
Мүйіз түріндегі затгар мен бейнелер ертеде әскери байрақ Тугаяқшасының үшарбасында, діни әдег-ғүрыптарды атқару кезінде кең пайдаланылған. Тәңір қүты ретінде, көбею мен жолы болудың нышаны ретінде оның орны жоғарыда деп есешеледі.
^Щемлекеттік елтаңбада қос бірдей ай мүйізді әпсаналық аргымақтар бейнеленген^ Олар киелі шаңырақты қос қаптальшан орап, пәле-жаладан, қауіп-қатерден қызғыштай қорып түрғандай эсер қалдырады. Ортақ үйіміз - қасиеггі Отанымызға қалтқыеыз қызмет ету идеясын білдіреді, Тәуелсіз елімізді көздің қарашығьщдай қастерлеп, сол жолда жан сала қызмет ету - қиялдағы қанатты пырақтар бейнесінің астарында жаТқан басты лейтмотивтердің бірм -> <?Мемлекеттік елтаңбада бес бүрышты жүлдыз бар. Ол тәуелсіз мемлекетіміздің қүшағы бес қүрлыққа бірдей айқара ашық, әлемдік өркениет көиііне өз болмыс-бітімімізді сақтай отырып ілеспек ниетіміз бар деген ойға мегзеіу.
Адамзат баласы жүлдызды билік белгісі, өмірлік бағыт- бағдарды айқындайтын жарық сәуле, асқақтық лен мәңгілікке қүштарлық символы ретінде өте ерте замандардан бері пайдаланып келеді. Бесбүрышты жүлдыз суреті көне түркі мәдениеті мүраларында (Мысалы, Күлтегін ескерткішінде) кездеседі.
Қазақ тілінде "сәті түсу”, "жолы болу”, "бақыт” деген үгымдарды беретін қанатты ойлардың көбісі "жүлдыз” сөзін пайдалану арқылы өрнектеледі. "Айың тусын оңыңнан, жүлдызың тусын соңыңнан”, "Бағың ашылып, жүлдызың жарқырай берсін”, "Жүлдызы жанған адам” деген сөз тіркестері соның айқын дәлелі. )
"Жүлдыз” және "бес” үғымдарында терең нышандық байланыс бар екендігі назар аударарлық. Біздің заманымыздан бес мың жыл бүрын мысырлықтар ғарыш үғымын беретін бес санын жүлдыз суретімен көрсететін болған. Бес саны ақиқат, әділдік және әділет қүдайы Маат қолында деп есептелетін тағдыр үғымын да берген. Бес - ақиқат пен әділетгің ең жоғарғы өлшемі. Білімді бес баллдық жүЙемен бағалау дәстүрі осьщан шыққан. |
Бес бүрышты жүлдыз белгісі пифагорлықтар ілімінде өзгеше орын алады Олар 5 (пентада) жүп (2) және тақ (3) сандардың одағы pet інде рухтың заггық табиғатган биікТігін бейнелейді деп есептейді. Бес саны - табиғатгың символы. Өйткені, оның өзін озіне көбейтер болсаң (5x5=25), жерге себілген дән тәрізді қайтадан өзін тудырады. Оны тепе-тендік саны деп те атайды. Өйткені, кемел сан - 10-ды тең екі бөлікке боледі. Адам үшін ең жоғары қүндылық денсаулық деп білген пифагорлықтардың бір-біріне хат жазған кезде алғаш қағазға түсіретін белгісі осы 5 саны болған. Ол амандасу рәсімін, "сау-саламат болыңыз” деген үғымды білдіретін еді.
Символизм канондары бойынша бес бүрышты жүлдыз гакыштық бейнеге, адам формуласына жатады.
Дел аты мемлекеттің лингвистикалық және этно-мәдени рәмізі болып саналады,- Қазақстан” (қазақ - этнос атауы, стан - парсы тілінде ел үғымын білдіретін сөз) - мемлекет атауы ретінде ежелден қолданылып келе жатқан термину Мысалы, араб тарихшысы Зайд-ад-дин Уасифи "Таңғажаиып оқиғалар” ("Бидаи аль-Вакаи”) деген үлкен еңбегінде 1516- 1517 жылдар шамасындағы бір оқиғаны суреггей оТырып, шайбанидгер ханы қазақтарға қарсы жорыққа әзірлік үсгінде ҚазығүрТ тауының етегінде әскер жиып, Сайрам бойынан "Қазақстанға қарай” тартгы деп жазады. Византия императоры Константин Порфирородный (X ғ.) Кубаньның шығыс жағын мекендеп отырған елді "Казахия” деп атайды. "Закхиядан әрі Панагия, Панагиядан әрі Казахия, ал одан әрі алаңдар отаны” деп жазады ол. "Тан әулетінің тарихы” (VII ғ.) атгы қытай жылнамасыңда: "Парсылар Шығыста Тохарлармен және қаңлылармен иіекгеседі, ал олардан әрі қиыр солтүстікке қарай түрік үлысы - қасалар (қазақгардың көне деректерде қолданылған атауларыньщ бірі) Түрады” делінеді. Парсы тілінде жазылған "Элем шекаралары” (982 ж.) деген кітагаа "алаңдар елінде қасақ үлысы бар” деген жолдар кездеседі. Шығыстың үлы классигі Фирдоусидің "Шахнама” дастанында "қазақ елі”, "қазақ хандыгы Арал теңізінен солтүстікке қарай косіліп жатқан сайьш даланы мекендейтін сайыпқыран халқы бар аса қуатгы әрі саны мол ел деп көрсетеді. Дастанда осынау күШТі мемлекегген Түранның сол ТүсТағы ең қүдіретті патшалықтарының бірі Иранның өзі сескенетіні де сездірілген. Никонов жылнамасы бойышпа Шыңғыс хан славян князьдіктеріне алғаш шабуыл жасағанда (1223 ж.) Кавказ тауы жағынан қазақ жерін басып өткен. Араб жиЬангері жазушы Эль-Ауфңдің "Тандаулы әңгімелер мен аңыздар жинағы” атгы кітабында: "Алтайда қарлықтар Түрады... Олар тоғыз үлысқа бөлінеді, солардың ішінде үш "шіңгіл” және үш "қазақ” үлысы бар” деген дерек аталады.
Қазіргі Қазақстан аумағында ерте дәуірлерден бері талай мемлекеттік қүрылымдар дүниеге келген. Олардың қүрамында бүгінгі қазақгардың ата-бабалары болып табылатын эр түрлі тайпалар мен рулардың да болғаны анық.
Қазақ этносының аТымен аталған мемлекеттік қүрылым 1466 жылы тарих сахнасына інықты. Ол - Қазақ хандығы (Қазақ ордасы) деп аталды. Негізін салған - қазақ хандары Керей мен Жәнібек. Қазақ хандығы XVHI ғасырға дейін өмір сүрді. Кейін қазақ жері Ресейге қосылды. XX ғасырдың басында, 1917 жылдың ақпанында, "Алаінорда” атты мемлекет қүруға әрекет жасалды. 1920 жылғы 26 тамызда Қырғыз (Қазақ) АКСР-і (1924 жылға дейін Қазақстанның қазіргі жер аумағының біраз бөлігі Түркістан АКСР-нің қүрамына енді) қүрылды. Ол 1925 жылғы 19 сәуірде Қазақ АКСР-і атанып, 1936 жылғы 5 желтоқсанда Қазақ КСР-і болып қайта қүрылды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда жаңа егеменді қазақ мемлекеті Қазақстан Республикасы (Қазақстан) деген ресми атау алды. ҚР Конституциясының екінші тармагының төртінші тармақшасы бойынша "Қазақстан Республикасы және Қазақстан атау л ары тең қүқылы”.
Орыс тілінде "казах”, "Казахстан” деп айту-жазу тәжірибесі 1936 жылдан басталды. Тиісті Үкімет қаулысы шыққанга дейін "казак”, "Казакстан” үлгісі пайдаланылып келген болатын.
1997 жылы ел атауының ағылшын тіліндегі ресми транскрипциясы бекітілді ("Kazakhstan”).
В.Гинзбург пен Н.Залкиндтің "Антропология және этнографиялық музей” жинағының XVI томында (1955 ж.): "Қазақ халқының антропологиялық типі Оңтүстік Сібірдің өте ертеден келе жатқан халықтарының негізінде Орталық Азиядан, Оңтүстік-Шығыс Сібірден келіп қосылған жүртгармен бірігіп, VII-VIII ғасырлардан XII-XIV ғасырларға дейін өз алдына жеке антропологиялық тип болып қалыптасқан” деген ғылыми қорытынды жасалады. М.Ақынжанов "Қазақтьщ тегі туралы” деген кітабында: "Қазақ халқының халық болып қүрыла бастауы әрісі Түркеш үлыстық одағы (704-766 ж.ж.), берісі оның орнына өрісін кеңейте жасалған Қарлүқ үлыстық одағы (766-999 ж.ж.) кезшен басталады” деп есептейді. Евразия төріндегі Үлы дала төсінде тамырын тереңге жайып, тірлік кешкен қазақ этносының қалыптасуына қатысты осы мерзім Қазақстан тарихына арналған басқа ірі зерттеулерде де аталады. А.Вамбери қазақтар "физиологиясы, тілі мен әдет-ғүрпы жөнінен өзінің ежелгі тегіне ең жақьш” үлт деп саналатынын ашық жазған.
Ал осы заманғы Тайвань ғалымы Чжен Кун Фу: "Қазақ халқы - табиғи орта жағдайында сақталып қана қоймай, оның үстіне сол табиғи ортаны осы күнге дейін қаймағын бүзбай сақтай алған әлемдегі аз ғана үлттардың бірі. Халықтың өткеніне көз жіберсеңіз, қазақтар мындаған жылдар бойы осы кең далада барлық ресурстарды ақылмен пайдаланып, өмір сүргеніне анық көз жеткізесіз. Олар қоршаған ортаны қиратуға немесе өзгертуге үмтылмаған, сондықтан да әлеммен әдемі жарасым тапқан. Соңдықтан да олар қазір Үлы даланың бірден-бір қожасы ретінде өздерінің тәуелсіз мемлекетін - Қазақстан Республикасын қүрып отыр”, - дейді.
Расында да, біздің мемлекетіміздің тарихы сонау өткен ықьілым замандардан бастау алады. Ол Үлы дала тағдырымен тығыз байланыеты.
Ол - доңғалақты, киіз үйді, жебе мен темір дулығаны ой л ап табу тарихы. Оның даңқы аты аңызға айналған скиф ғүламасы Анахарсис және Аристотельден кейінгі екінші үстаз атанған Шығыстың үлы энциклопедист ғалымы Әл-Фараби есімдерімен, кезінде бүкіл дүниеге мәшііүр Александрия кітапханасымен бақ таластырған ғажайып Отырар кітапханасымен шьгққан.
Ол - үлы қолбасшылар Моде мен Аттила, әйгілі әйел патша Томирис, Мысыр мамлюктерінің көсемі Бейбарыс есімдерімен, Кир патша мен Александр Македонский жауынгерлерін жерге қаратқан жеңістерімен даңқты ғаламат әскери өнер тарихы.
Ол - алты ғасыр бойы (VI-XII ғ.ғ.) әлемнің Шығысы мен Батысының бірден-бір алтын копірі болған, аймақтың экономикалық дамуының бірден-бір көзі қызметін атқарған әрі жалпы элем экономикасының жағдайына тікелей эсер еткен Үлы Жібек жолының тарихы.
Ол - Талас және Орхон-Енисей ескерткіштерінде, Жетісудан табылған "Алтын адам” көмбесінде ізі қалған коне түрік жазуы және толтума өнердің тарихы. Оның бойында таңғажайып музыка мәдениеті мен әдебиет тарихының тамыры бүлкілдейді.
Коне түрік тілінде мемлекет, тайпалық одақ және үлыс үғымдары "ел” деген сөзбен өрнектелгеніне назар аударған жөн. Орхон-Енисей ескерткіштерінде (VII-XII ғ.ғ.) осылай тасқа қашалған. Қазір де осылай жазып, осылай сөйлейміз. Тек қазақтарда ғана емес, тувалықтарда да, қырғыздарда да, хакастарда да, шорларда да, алтайлықтарда да, басқа да бірқатар түрік тектес халықтарда да со лай. Ту, шекара және елщі өздерінің тағдыры да осыңдай.
ДЕлтаңбада қолданылған негізгі бояу - алтын түстес. Геральдика тәмсіліне жүгінсек, сары байлық, әділдік пен кең пейілділіктің белгісі. Елтаңбада сол сияқты тудың түсіндей аспанкөк рең де бар. Олар өзгеше жарасым тауып, аса ажарлы көрінедіту.
Мемлекеттік елтаңбаны ресми қолдану тәртібі. ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік роміздері туралы” жарлығына және заң актілеріне сәйкес ретгеледі.
Мемлекеттік елтаңба бейнесі ҚР Президенті резиденциясының, Парламент пен Үкіметгің, миннстрліктер мен басқа да орталық атқару органдарының, сол сияқты Президентке тікелей бағьшатьш және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың және басқа соттардың, Бас прокуратураның, Үлттық ғылым академиясьшьщ, Қарулы Күштер және Республикалық үлан қүрамалары мен бөлімдері штабтарының, дипломатиялық және сауда өкілдіктерінің, консулдық мекемелердің ғимараттарында орналастырылады.
Сол сияқты ол ҚР Президентінің кабинетінде, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің сессия отырыстары (бірлескен және бөлек) мен бюро можілістері, Үкіметтің және оның төралқасының отырыстары, жергілікті окілетті органдардың сессиялары өтетін залдарда, Конституциялық Кеңестің отырыс залында, Жоғарғы Соттың, оның алқалары мен басқа да соттардың сот отырысы залдарында, орталық және жергілікті атқэрушы органдардың. Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың алқа мәжілістері өтетін залдарда, мемлекеттік және үкімет наградалары тапсырылатын орынжайларда, шеТелдегі дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің қабылдау залдарында, дүниеге келген нәрестелерді және некені салтанатгы түрде тіркеу орындарында түрады.
Елтаңба бейнесі Президенттің және оның Әкімшілігінің, Парламенттің және оның палаталары мен олардың бюролары мен Аппаратгарының, Үкімет және оның Аппаратының, министрліктердің, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың, өзге де атқарушы органдардың, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың және басқа да соттардың, Бас прокуратураның, Қарулы Күштердің және Республика Үланының әскер қүрамалары мен бөлімдерінің, мәслихаттардың, жергілікті атқарушы органдардың, заң бойынша мөрлерінде және қүжаттарының бланкілеріне елтаңбаның бейнесін орналастыру қүқығы берілген мемлекеттік куәландыру кеңселерінің мөрлерінде және қүжаттарының бланкілерінде, Президенттің, Парламент пен Үкіметтің, Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соттың ресми басылымдарында, банкноттар мен тиын ақшаларда, мемлекеТТік қүнды қағаздарда орналастырылады. Төлқүжатгар мен жеке куәліктерде, шекара бағаналарында да болуға тиіс.
Мемлекеттік елтаңба бейнесін мемлекеттік емес органдардың және олардың лауазымды адамдарының бланкілерінде, мөрлерінде және басқа реквизиттерінде пайдалануға заңмен тыйым салынған.
Мемлекеттік елтаңба жасау тек заң бойынша белгіленген тәртіпке сәйкес лицензия алган жағдайда ғана жүзеге асырылады. Жасалған бейне эталонға толық сәйкес келуге тиіс.


  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасына арналған жалпы техникалық талаптар (Adobe Photoshop файлын жүктеу, көлемі 505 MB)
  • Біз әлеум.желідеміз







    Әзірленіп жатқан жобалар...
    Күрке

    200
    Сұрау
    Бұл пайдалы
    Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


    Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

    Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
    ҚР Мемлекеттік рәміздер

    Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
    Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
    Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

    Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
    Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
    Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

    Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
    Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
    Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.