Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Шакен Онласынович Ниязбеков


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы, суретші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.
1938 жылы 12 қарашада Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласьшда дүниеге келген. В.И.Мухин атындағы Ленинград жоғары коркемөнер өнеркәсіп училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.
Жамбыл қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы кинотеатрдың кешенді дизайны (1975, А.Симоновпен, В.Кузьминмен бірге) "Волоколам бағытында. Генерал-майор И.Панфилов пен колбасы Б.Момышүлы” (1985) және басқа бірқатар белгілі коркем полотнолардың ("Қүрманғазы”, "Көбік шашқан”, "Кісен ашқан”, "Шоқан Уәлиханов”, "Мүхтар Әуезов”, "Сырым Датов”, "Жамбыл”, "Ана болу бақыты”, т.т.), Алматы қаласы елтаңбасьшың авторы.
Чехословакияда өткен Халықаралық байқаудың алтын медалін (1961 жыл), Санкт-Петербургте өткен плакаттар байқауының бірінші жүлдесін (1982) жеңіп алған.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Жандарбек Мәлібекүлы Мәлібеков


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Өзбекстанға еңбегі сіңген соулетші.
1942 жылы 24 наурызда Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми-зертгеу жобалау институтының қала қүрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетші.
Әндіжан қаласындағы әуежай, Ташкентгегі Үкімет қонақ үйі, Ферғанадағы облыстық пошта, Самарқандағы облыстық әкімшілік үйі, драма театры мен орталық кітапхана ғимараттарының, Ангрен, Шыршық, Фергана, Самарқан қалаларындағы бірқатар түрғын үй аудандары қүрылысын жобалауға қатысқан.

Шот-Аман Ыдырысүлы Уәлихан


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Республика Мемлекеттік сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері.
1932 жылы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралықинститутын бігірген. "Қазақ қалақүрылысы жобалары” институтының қызметкері, Алматы қаласының бас сәулетшісінің орьшбасары, Қазақстан Сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы болды. Республикалық тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының торағасы. Негізгі шығармашылық жүмыстары: Алматыдагы Шоқан Уәлиханов (1969), Әліби Жангелдин (1975), Тоқапі Бокин (1977) ескерткінітері, "Динамо” стадионы қүрылысы жобалары. Алматыдагы Тәуелсіздік монументі авторлар тобының жетекпіісі (1998).


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны 

(Ескі 1992 -2006 ж.)

Мүкан Төлебайүлы Төлебаев (1913-1960)


Қазақстан Республикасы Мемлекеггік әнүранының (әні) авторы, көрнекті композитор, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Республика Мемлекеттік сыйлығының иегері.
1913 жылы Талдықорған облысының (қазір Алматы облысы) Борлітөбе ауданындағы Қарашаған ауылында дүниеге келген. Мәскеу консерваториясын бітірген. Коп жылдар бойы Алматы консерваториясында үстаздық етіп, бірнеше жыл Қазақстан Композиторлар одағын басқарды.
Қазақ саз өнеріңдегі косіби жанрлардың негізін қалаушы. Музыка мамандары оны "Қазақтьщ Глишсасы” деп бағалаған. Түңғыш қазақ романсын жазған.
Негізгі шығармалары: "Амангелді” (Е.Брусиловскиймен бірге), "Біржан—Сара” опералары, "Қазақстан” симфониялық поэмасы. Елуден астам он мен романс жазды. Олардың арасында Абайдың өлендеріне шығарғаны бір төбе. ("Мен көрдім үзын қайың қүлағанын”, т.б.). 100-ден астам халық әнін жинап, нотаға түсірді.

Евгений Григорьевич Брусиловский (1905-1981)


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнүранының (әні) авторы, көрнекті композитор, Қазақстанға еңбегі сіңген онер қайраткері, Республика Мемлекетгік сыйлығының иегері.
1905 жылы Ресейде дүниеге келген. Алматы консерваториясында үстаздық етті, профессор, Қазақстан Композиторлар одағын басқарды.
Қазақ музыка өнеріндегі кәсіби жанрлардың негізін салуга және үлттық әндер қайраткерлерін тәрбиелеуге көп еңбек сіңірген.
Негізгі шығармалары: "Қыз Жібек”, "Жалбыр”, "Ер Тарғын”, "Гвардия, алға!”, "Дударай” опералары, "Қүрманғазы” симфониялық поэмасы.

Латиф Абдулхаевич Хамиди (1906-1983)


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнүранының (әні) авторы, көрнекті композитор, Қазақстанға еңбегі сіңген онер қайраткері, Республика Мемлекеттік сыйлығының иегері.
1906 жылы Ресейдің бүрынғы Қазан губерниясының Свияж уезіне қарасты Қүшман болысындағы Буалы ауылында дүниеге келген. Өзбекстанның Қаттақорған қаласындағы музыкалық техникумды, кейін Мәскеу консерваториясын бітірген. Қазақ мемлекеттік драма театрының дирижері әрі музыкалық жетекшісі, Үлтгық халық аспаптары оркестрінің дирижері, Мемлекеттік хор капелласының дирижері әрі жетекшісі, Алматы мемлекетгік консерваториясының және музыка училищесінің профессоры болды.
Негізгі шығармалары: "Абай”, "Төлеген Тоқтаров” (екеуі де А.Қ. Жүбановпен бірге жазылған) опералары, 250-дей халық әнін жинап, нотаға түсірген, вальс жанрындағы алғашқы әндері ("Түңғыш вальс” — 1922 жыл, сөзі — М.Жәлелдікі, "Қазақ вальсі” — сөзі С. Мүқановтікі).

Музафар Алимбайүлы Алимбаев


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнүранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Республика Мемлекеттік сыйлығының иегері.
1923 жылы Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. "Қазақ әдебиеті” газетінде, "Пионер", "Балдырған” журналдарында жүмыс істеген.
Көптеген жыр жинақтары мен ән мәтіндерінің авторы.
Ақын жырлары әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.

Жадыра Дәрібайқызы Дәрібаева

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнүранының (мәтіні) авторы, қазақ және орыс тілдерінде қатар жазатын ақын.
1948 жылы Қызылорда облысының Тереңөзек кентінде дүниеге келген. М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық училищесін, Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институтам және А.Луначарский атындағы театр және онер институтын бітірген. Қазақстан Жазушылар одағыңда, "Қазақстан әйелдері” журналының редакциясында жүмыс істеді.
"Гүлжайна” (1978) және "Мейір” атгы жыр жинақтарьшың авторы.

Қадыр Ғинаятүлы мырза Әлі


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнүранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Республика Мемлекеттік сыйлығының иегері.
1935 жылы Орал облысының Жымпиты кентінде дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген. "Балдырған”, "Жүлдыз” журналдарында, "Жазушы”, "Балауса” баспаларында жүмыс істеген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сай лантан.
Көптеген жыр жинақтарының, сценарийлер мен ән мәтіндерінің авторы.
Ақын жырлары әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. 

Түманбай Молдағалиүлы Молдағалиев

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнүранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Республика Мемлекеттік сыйлығының иегері.
1935 жылы Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының Жарсу ауылында дүниеге келген. Қазақ Мемлекетгік университетін бітірген. "Жазушы” баспасында, "Жалын” журналында жүмыс істеген. "Балдырған” журналының бас редакторы.
Көптеген жыр жинақтары мен ән мәтіндерінің авторы.
Ақын жырлары әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.

Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.