Басты бет » Геральдикалық мозаика

Геральдикалық мозаика

Көне ту. 1972 жылы Ираннан (Хабис) б.з.д. III ғасырда жасалған ту табылды. Металл тудың пішімі - тең төрт бүрышты, үзындығы мен ені бірдей - 23 сантиметрден. Оның бетіне қыран қүстьщ, қос арыстанньщ, әулие ананьщ, үш әйелдің, бүқаның бейнелері ойып салынған, Бүл ең коп суре'гті тулардың бірі.

***

Үлттық рәміздер арасындағы ең байырғылары - Австрия, Дания, Мальта, Жапония, Шри-Ланка және Мали елдерінің тулары.

***

Тайвань туы ерекше көзге түскен сәт 1989 жылы осы елдің Гаосюн қаласьшда өткен спорт жарысына байланыеты. Оның ашылу салтанаты кезінде салмағы 820 килограмм алып ту көтерілді. Оның үзындығы - 126, ені - 84 метр.

***

Бразилияда тутүғырға үзындығы - 100, ені - 70 метр ту көтерілгені бар.

***

Ғажайып сыйлық 1983 жылы сол кездегі АҚШ президенті Рейганға салмағы 8 тонна таңғажайып ту сыйға тартылды. Индиана штатында жасалған бүл рәміздің үзындығы - 140, ені - 70 метр.

***

Оңтүстік Африка Республикасының (ЮАР) 1994 жылы бекітілген жаңа туының негізгі ерекшелігі коп түстілігі. Бірнеше үлттың окілдері тіршілік етіп жатқан мемлекеттің рәмізі баршаның жүрегіне жақын болсын деген ниетпен алты гүске боялыпты. (Бүл елдің әнүраны да екеу көрінеді. Олар "Оңтүстік Африка үні" және "Қүдайым, қолдай көр Африканы” деп аталады).

***

Триколор - үш түсті жолақты ту осылай аталады. Олардың ең байырғысы Данияның Принц туы (Принцфлаг).
Онда үш көлденең жолақ - қызғылт сары, ақ және кок түске боялған.

***

"Жүлдыздар мен жолақгар" деп аталатын АҚШ туына 1777 жылдан бері 26 рет өзгеріс жасалыпты. Оның бәрі де аумақтық бөліністердің - штаттар санының қосылуы мен кемуіне байланыеты болып отырған екен.

***

Қызыл түс - элем мемлекеттері туларында ең көп кездесетін рең. Ол барлық тулардың үштен екісінде бар. Одан кейін көп пайдаланылғаны ақ, көк, сары және қара бояулар екен.

***

Жалғыз ені мен үзындығы бірдей шаршы ту - Швейцариянікі.

***

Күн бейнесі - мемлекетгік туларда жиі кездесетін нышан. Олардың ішіндегі ең атақтысы - Жапонияның "Күн дөңгелегі”. Рәміз елдің "Нихон Коку” - "Күншығыс елі" деген атының нышандық белгісі. Тайвань туларында - ақ күн, Филиппин туларында - сегіз сәулелі күн. Уругвай туында - адамның бет-бейнесіне үқсас "Мамыр күні” суреттері бар.

***

Жүлдыз бейнесі - үлттық тулардың төрттен бірінен астамында кездеседі. Олардың саны көп ретте елдегі аумақтық бөліністердің санына қарай айқындалады. Марокко туындағы жасыл түсті бесбүрышты "Сүлеймен жүлдызының” бүрьшітары рух, ауа, от, су және жер нышаны деп есептеледі. Израилдің алты бүрышты "Давид жүлдызы” бейнеленген туы діни мәнімен танымал.

***

Ең ірі аңның суреті Шри-Ланканың (бүрынғы Цейлон) туында бейнеленген. Ондағы арыстанньщ суреті айтарлықтай көрнекті-ақ.

***

Ең ірі қүстың суреті - Албания туында. Албандықтар өз 
отанын "Қырандар елі" деп атайды. Соған орай ел рәмізінде екі басты бүркіт бейнеленген.

***

Мемлекеттік туында тотықұс суреті салынған елде бар. О л - Доминики.

***

Жүмаққүсы - Папуа-Новая Гвинея туындағы қүс осылай аталады.

***

Ең үлкен өсімдік суреті бейнеленген ту - Канаданікі.

***

Философиялық мәні бар нышандар Индияның "Заң дөңгелегі", Оңтүстік Кореяның "Инь-Ян” туларында, сол сияқты Монғолияның, Израилдің, Марокканың туларында кездеседі.

***

Тудағы жазу рәміздің ең басты деталі болып табылатын ел - Сауд Аравиясы. Оның туында "Алладан басқа қүдай жоқ, Мухаммед - оның пайгамбары" деген сөйлем жазылган.
Иранның туында "Аллах акбар” (Алладан басқа қүдай жоқ) деген сөйлем 22 рет жазылган. Бүл сан аятолла Хомейнидің Иранға оралған күнімен - 1357 жылдың 22 бахманы (1979 жыл ақпанның 11-і) - тікелей байланыеты.
Бразилия туында - Ordem Е Progresso (тәртіп және прогресс), Руанда туында - "R" (Р) әрпі таңбаланған.

***

Оңтүстік полюете желбіреген түңғыш ту - Норвегиянікі. Оны 1911 жылғы желтоқсанның 14-де Роальд Амундсен мүзға қадап тіккен.

***

Солтүстік полюете желбіреген түңғыш ту - АҚШ-тікі. Оны 1909 жылы 6-сәуірде Роберт Пири тікті.

***

Айға шықкан алғаппдьі ту - АҚШ-тікі. Оны ай бетіне
1969 жылы 20-шілдеде "Аполлон-11" экипажының командирі Нейл Армстронг алып шықты. Айда жел болмайтындықтан ол сымға бекітілді.

***

Әлемдегі ең биік шың Эверестке (теңіз деңгейінен 8840 метр) тігілген түщыш ту - Үлыбританиянікі. Оны 1953 жылы 29-мамырда Эдмунд Хиллари мен оның көмекшісі Тенсин көтерді. Олар сол сияқты Непал мен Біріккен Үлттар Үйымының туларын да желбіретті.

***

Қазақстан туын ғарышка шығарған - қазақтьщ екінші ғарышкер үшқышы Талғат Мүсабаев.

***

Казақстан туы Эверестке 1995 жылы көтерілді.

***

Кдзақстан туын халықаралық жарыста түңғыш желбіреткен - Көкшетаулық шаңғышы В.Смирнов. Ол 1996 жылы Лиллихаммерде өткен қысқы спорт Олимпиадасының чемпионы атанды.

***

Кдзақстан туы БҮҮ сарайының алдындағы элем тулары қатарына 1992 жылы қосылды.

***

"Бөрілі байрақ". Осылай аталатын ежелгі гундар мен түркілер көтерген коне байрақтар үш бөліктен түрған. Олар
- ту, найза, және оның үшындағы ту байлар темір. Ту (туг) - терісімен коса кесіп алынган жылқының қүйрығы болса, найзаның үшар басына алтыннан немесе жезден, болмаса мыс тақтайшаға борінің (қасқырдың) бейнесін салатын болған. Бәрі бейнесінің таңдалуы оның тотемдік қызметіне және оны ержүректілік белгісі ретінде қабылдауға байланыеты. Елбасылары мен қолбасшылар өз төңіректеріндегі ең сенімді адамдарды (нөкері, жеке қорғаушысы, т.б.) да "бәрі" деп атаған, "Бөрілі байрақ” атты байырғы ту қазақ рулары арасында шапыраштыларда сақталған. Сүйінбай Аронүлының:
"Қарасай - менің үраным,
Борілі басты - байрағым.
Байрағьгмды көтерсем,
Қозып кетер қайдағым”, -
деп шалқыта жырлайтыны содан. Тасқа қашалып жазылган "бөрілі байрақты” атты әскерлер суреті (петроглиф) қазіргі Алматы облысындағы коне ескерткіілтерде кездеседі.
"Көк қаршыға". Шыңғыс ханның туы - тоғыз шашақты үшкіл ақ мата. Ол тудың сабына үш жерден байланатын болған. Ала тудың дәл ортасында бауырына аул ап алған қара қарғаны қысып, қанатын жайып үшып келе жатқан көк қаршығаның суреті салынған. Кок қаршыға хан әулетін желеп-жебеуші киелі қүс саналады. Бабасы Бодуашнар қиьш кезде қүс салып жан сақтады деген аңыз бар.
Тудың сабының үшында үш бүрышты арнайы темір қондырғы болған. Ал туды жерге түрғызып қою үшін жеті тармақты жылжымалы тіреуіштер пайдаланылған.

***

Ақсақ Темір көрегеннің аспанкөк туы. Түсі - біркелкі. Ежелгі түркі мемлекеттерінің: Көк түркі қағаңцығы (552- 743 ж.ж.), Хазар қағандығы (651-983 ж.ж.), Үлы селжүқ қағандығы (1040-1157 ж.ж.) туларымен реңдес аспанкөк рәміздің ортасьшда даңқты қолбасы мөрінің суреті салынған.

***

Абылайдың ақ туы. Ел жадында ерекше сақталған рәміздердің бірі - Абылайдың ақ туы. Ол - бір түсті төрт бүрышты ақ мата. Шашақты бауы бар.
Қазақтьщ үлы ханының туының түсі Шығыс ғүн (375- 454 ж.ж.), Ақ ғүн (420-562 ж.ж.), Шыңғыс ханның, Алтын орда (1236-1502 ж.ж.) мемлекеттері рәміздерімен реңдес. Ол б.з.д. XII ғасырда дүниеге келген әлемдегі түңғыш әскери байрақтардың түсімен де туыстас.

***

Тубегі. Ерте замандарда осындай ресми атақ, жоғары мәртебелі қызмет болған. Жоңғар жаугершілігіне қарсы күрес алдында бас әмірші болып - Әбілқайыр хан, ал тубегілікке
- бас сардар Богенбай батыр сайланды. Мүндай шешім
Ордабаеындағы үлы жиында қабылданган. Тубегі тағайындау салты кейін де сақталған. Мысалы, 1916 жылғы үлт-азатгық көтерілісі қаііармандарының бірі - Амангелді батыр әскерінің тубегі Қияқбай батыр болған.

***

Крндыадырда қалған ту. Қазақ даласында үзақ сақтальш, бүгінгі үрпақтар қолына тиген көне тулар мен байрақтар туралы нақты деректер шамалы. Солардың бірі - Олжабай батыр байрағы жөніндегі дерек. О л батыр мен байға қатыстының бәріне қырьш қараған қытымыр заманда 30-шы жылдары Сарыарқадағы Шідерті өзенінің бойындағы Қандыадыр деген жерде (Екібастүз маңындағы "Степной” совхозы) көмілген көрінеді. Өзінің өсиеті бойынша оған ғүлама ғалым Әлкей Хақанүлы Марғүланньщ шешесі Нүрила марқүмның денесі оралып еді деседі батырдың бүгінгі үрпақтары. Бүл туралы дерек таратушы - ғалымның келіні
- туган інісі Адаштьщ әйелі Сәлиман Хақанкеліні Марғүлан.

***

Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры - Рақымжан Қошқарбаев. Оның есімі екінші дүниежүзілік соғыс тарихында фашизм ордасы - Рейхстагқа түңғыш жеңіс туын желбіреткен жауынгер ретінде қалды.

***

Жаңа рәсім. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының астанасының Алматыдан Ақмолаға (1998 жылғы 6 маусымнан - Астана қаласы) көшірілуі түсында бүрын- соңды болмаған жаңа рәсім дүниеге келді. Ол - үлы көшті Мемлекеттік рәміздердің эталондық үлгілерін жеткізуден бастау рәсімі. Түңғыш рәсімнің "туған күні” - 1997 жылғы 8-желтоқсан.
Ержүрек қолбасшы Шилінің (қытайша Шы Лэ) мөрі.
Қытай тарихшысы Фан Сюаньлин "Цзинь династиясының тарихы” деген еңбегінде қазақтьщ үйсін тайпасынан шыққан ержүрек қолбасшы Шилінің императорлық мөрі туралы мағлүмат береді. Шилі
батыр III ғасырда Қытайда билік жүргізген. Оның мөрі төртбүрышты қара яшма (кварцтың бір түрі) асылтасынан жасалған, тасбақа бейнелі түтқасы болған.

***

Сақ қолбасшыньщ ханзадалық белгісі. Есік қорғанынан табылған "Алтын адамның” саусақтарынан екі жүзік табылған. Бірінде - рәміздік таңба белгісі ойып салынған. Бүл жүзік-мөрде сәнді бас киім киіп, қырын қарап түрған адамның басы бейнеленген.

***

Түркі қағанының таңбасы. Көне түркі мемлекетінде қолданылған билік нышанының бір сүлбасы Күлтегін (685- 731 ж.ж.) қағанға орнатылған ескерткіште бедерленген. Ол биіктігі 3 метр 15 сантиметр, табанының үзындығы мен ені тиісінше 1 метр 24 сантиметр және 41 сантиметр болып келетін үшкір пирамида түріндегі стелланың бесбүрышты үшар басының бір қырына таңбаланған.

***

"Адамзат билеушісінің мөрі”. Шыңғыс ханның мөрі алқызыл түсті асыл яшмадан жасалған. Онда "Аспанда - Қүдайтағала, жерде қаған қүдіретті. Адамзат билеушісінің мөрі” - деген сөздер бар.

***

"Қара сақина". Ақсақ Темір көрегеннің мөрінің ерекшелігі - онда екеуінің үстіне үшінші қойылған үш қара сақинаның бейнеленуі. Бүл белгі - оның туындағы Самарқан қаласының елтаңбасындағы негізгі нышандарға айналған.

***

Еуропадағы алғашқы мөр 1136 жылы жасалды.

***

Қүжаттарда дерегі кездесетін түңғыш әулеттік елтаңба - Анжуй графы Жоффрейдің қалқанына салынған. Бүл оқиға 1127 жылы болған. Генрих I 14 жасар өгей баласын рыцарь деп жариялау кезінде, оның мойнына алтын аю бейнелі көк қалқан таққан көрінеді.
Мон -XII ғасырда пайда болған Жапониядағы әулеттік елтаңбалар осылай аталады.

***

Әйгілі ағылшын жазушысы Уильям Шекспирдің әулеттік елтаңбасында найзаның белгісі бар. Алғаш рет әкесі Джон Шекспирге арнап 1596 жылы бекітілген. Баласына 1606 жылы қайыра рәсімделді.

***

Арыстан - елтаңбаларда ең жиі қолданылатын жануар бейнесі. Еуропада XII ғасырдан бері (1127 ж.) рәміздік рөл атқара бастады.

***

Бүркіт бейнесі - мемлекеттердің, империялардьщ рәміздік нышаны ретінде өте ертеден әрі өте жиі қолданылады. Ол 962-1806 жылдары Қасиетті Рим империясының, 1804 жылы Франция императоры Наполеонның, 1782 жылы АҚШ-тың елгаңбаларында пайда болды. Бүркіт бейнесі Византия арқылы (III Иван патша Византияның соңғы императорының жиені Софияға үйленген) 1472 жылдан бастап Ресей елтаңбасьшың басты белгісіне айналды.

***

Лилия бейнесі - елтаңбаларда ең жиі қолданылатын өсімдік тектес нышан. Аңыз бойынша Франкілердің королі Кловиске 496 жылы Христиан дініне енген кезінде тазалық белгісі ретінде оған періште лилия сыйлаған көрінеді.

***

Роза (Раушан) елтаңбалық белгі ретінде алғаш 1236 жылы қолданысқа түсті. Королева Элеонора Прованская (күйеуі
I Генрих 1227-1272 жылдары король болды) бүл мақсатқа "алтын роза” бейнесін пайдаланды. Тарихта "Алқызыл және Ақ розалар (раушандар) соғысы” деген атау кездеседі. Ол Үлыбритания тағы үшін 1455-1485 жылдар Йорктер (ақ роза) және Ланкака (қызыл роза) оулеттері арасында болған тартысты бейнелейді. Кейін екі роза қосылып "Тюдролар розасы” деп аталатын болды.
Америка Қүрама штаттарының мемлекеттік үлкен мөрінің жобасын жасау туралы шешім тура ел тәуелсіздігі жарияланған күні 1776 жылғы шілденің 4-інде қабылданды. Жоба әзірлеушілер арасында Джон Адамс, Бенджамин Франклин, Томас Джефферсон да болды. Бірақ олардың үсыныстары аллегориялық сипаты басым деген дәлелмен қабылданбай тасталды.
1782 жылы 20 маусымда қабылданған Үлкен морге Филадельфия штатының түрғыны Уильям Бартонның үсынысы негіз болды.
Үлкен мордің оң жақ бетінде (аверс) кеудесіне он үш (штаттар саны) ақ-қызыл жолақты қалқан қысқан бүркіт бейнесі бар. Ақ және қара жолақтар арасын байланыстырып түрған кок жолақтар "Конгресте бөлінбейтін біртүтас болып” нышаны деп есептеледі. Бүркіттін, тырнақтары іЗжапырақ пен 13 оқ (соғыс болса - озір деген белгі) тізілген олива ағашы бүтағын бүріп алған. Бүркіттің түмсығына E.Pluribus Unum (коптің бірі) деген үлттық девиз жазылған лента ілінген. Күн сәулелері мен бүлт көмкерген көгілдір фондағы он үш жүлдыз "Жаңа үлт егемен мемлекеттер арасында өз орнын табады” деген ойды білдіреді.
Елтаңбаның сол жағында (реверс) пирамида суреті бар. Ол - күш-жігер мен шыдамдылықтың белгісі. Пирамида
- 13 деңгейлі және әлі қүрылысы аяқталмаған. Мүнда олі жаңа Штаттар қосылуы мүмкін деген мегзеу жатыр. Пирамиданың жоғарғы жағында Көреген көз (око провидения) бейнеленген. Бетте Annui Coeptis ("Ол біздің ісімізді қолдайды”) және Novus Ordo Seclorum ("Мәңгілік жаңа тортіп”) деген және "1776 жыл” деген жазулар бар.
Пирамида бейнесінің пайдаланылуы АҚШ-тың негізін салушы қайраткерлердің өздерін жаңа Иерусалим салған Израиль балаларына теңеуімен бай ланыстыры лады.

***

АКДі-тың үлкен мөрінің сол жағындағы (реверс) белгі мемлекеттік рәміз ретінде бір-ақ рет пайдаланылады. Президент Рузвельттің шешімі бойныша (1935 жылғы 2- шілде) қүны бір долларлық банкноттарға басылды. Бір
долларлық АҚШ банкноттарында қазір де сол сурет сақталған.

***

Казақстандағы ресми бекітілген елтаңбасы бар алғашқы кала - Петропавл (Қызылжар). Оньщ елтаңбасы 1842 жылы қыркүйектің 7-сінде Ресей патшасының жарлығымен бекітілген. Бүл кезде қала Тобыл губерниясының Ақмола облысына қарайтын Петропавл уезінің орталығы болатын.
III Ең үзақ әнүран мәтіні 158 өлең жолынан түрады. Ол Грекияның мемлекеттің рәмізі. "Бостандық әнүраны” деп аталады. 1823 жылы жазылган. Автор - грек ақыны Диониенос Соломос.

***

Ең қыска әнүран мәтіні - бар болганы торт жолдан түрады. Оңдай рәміздер бірнешеу. Жапония, Иордания және Сан-Марино әнүрандарының мотіңдері осындай.

***

Тек әуенмен өрнектелген, сөзі жоқ мемлекеттік әнүрандар да бар. Мүндай рәміздер - он бір. Олардың ішіндегі ең көнесі - Испаниянікі. Ол 1770 жылы дүниеге келген.
Қүрманғазының әйгілі "Сарыарқа” күйі де ғасырдан астам уақыт бойы халқымыз үшін сөзі жоқ, тек әуенмен түратын үлттық рәміз міндетін атқарып келеді.

***

Елүран. Кезінде қазақ халқын қүраған ру тайпалардың өз үрандары болғаны белгілі. Олар бір сөзден түрады. Көбіне аруақты аталар мен аналардың атьша қүрылған. Ал бар қазаққа бірдей әсерлі елүран "Алаш” болатын. Тағы бір ортақ үран - "Аруақ” сөзі. Үрандауды кейде аруақ шақыру дейді.
IV Үлттық ақшалар. Эр елдің үлттық ақшасының (валютасының) оз атауы бар. Қазақстанда - теңге, Ресейде
- рубль, Үлыбританияда - фунт стерлинг, АҚШ пен Канадада - доллар, Қырғызстанда - сом, Германияда - марка, Ирак пен Югославияда - динар, Венгрияда - форинт, Түрікменстанда - манат, Францияда, Белыияда, Швейцарияда
- франк, Швецияда, Норвегияда, Данияда, Исландияда, Чехияда - крона, т.б.

***

Түңғыш теңгелер - ежелгі қазақ жерінде шығарылған алғашқы ақшалар арасында Мүбәрәк қожа сүлтандық еткен түста Сығанақта жасалған теңгелер де бар. О л екі рет - 1327-1328 ж.ж. және 1328-1329 ж.ж. - ақша шығарған. Табылған темір теңгелерде "Әділ сүлтан - Мүбәрәк қожа. Тәңірім оның билік дәуренін үзақ еткей" деген сөздер бар. 1368-1369 жылдары Сығанақта Орыс хан да өз ақшасын шығарған. Өздерінің ақшаларын айналымға салуы олардың Алтын орда хаңдарынан тәуелсіздігінің бір белгісі еді. Жалпы арғы-бергі тарихта егемен билеушілердің ғана тол рәміздері, айрықша елдік белгілері болған.
V Ертедегі астаналар туралы белгілі бір дерек Сығанақ қаласына қатысты. Ғалымдардың жазуынша, 1446 жылы Әбілхайыр хан Сыр бойын Мауренахрдан тартып алып, өз астанасын Сығанаққа көшірген. Ол хандық таққа бүкіл Дешті-Қыпшақтағы 71 ру-тайпа басшыларының тікелей дауыс беруі арқылы 1428 жылы сайланған болатын.
Қазақ жеріндегі көне астаналар қатарында Суяб (түркі қағандыгының астанасы), Баласағүн (Қарахан әулетінің бірінші астанасы), Қойлық (Қарлүқ хандығьшьщ астанасы), Яныкент (оғыздардың ордасы), Түркістан (Қазақ хандығының астанасы), т.б. қалалар аталады.

***

XX ғасырда казақ елінің астанасы атанған қалалар - Орынбор (1920-1925), Қызылорда (бүрынғы Ақмешіт - 1926- 1929), Алматы (1929-1997), Астана (бүрынғы Ақмола, 1997 жылдың 10 желтоқсаннан бастап).
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.